Клип тоғызыншы сынып түлектерінің диалогынан басталады. Олар қайда бару керегін білмейді. Осы кезде видеода мұғалім «Тора-тора» деп әндете отырып, «Ақмешіт» колледжіне оқуға түсуге шақырады. Белгілі болғандай, Қызылорда колледжінде ТОРАТ деген – мұғалім оқытатын мамандықтың аббревиатурасы, автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету және жөндеу. Ролик авторы – Мұстаяпов, әнді өзі орындайды. Ал идея авторы – гуманитарлық-техникалық мамандықтар бөлімінің меңгерушісі Ержан Кенжеев.
– Бірінші курс студенттерінің арасында «Үздік топ» фестивалін ұйымдастырдық. Конкурстардың бірі бойынша, өз мамандығы туралы бейнеролик жасау керек болды. Студенттер оқытушыларымен бірге видео түсірді. Олар бірінші орын алып, ақшалай сыйлық алды, – дейді «Ақмешіт» колледжінің тәрбие және мәдени-демалыс жұмысы бөлімінің меңгерушісі Айнұр Бекенова.