Бүгін Алматы облысының бас санитар дәрігері Ерғали Сыдыманов карантинді күшейту туралы жаңа қаулыға қол қойды.
Қаулыға сәйкес түнгі клуб, бар, кинотеатр, караоке, бильярд, аттракциондар, интернет клубы, антикафе, батут, балалар алаңдары, 50 адамнан артық жиналатын мейрамханалар мен банкет залдарының жұмысына тыйым салынды. Бір отбасы мүшесі болмаса, үш адамнан артық топтасып жүруге болмайды. «Қазпошта» бөлімшелері, халыққа қызмет көрсету орталықтары мен банктер таңғы 9-ден кешкі 18.00 дейін жұмыс істейді. Жасы 65-тен асқан кісілердің сыртқа шығуына тыйым салынды.