2020 жылғы 18 қазанда тіркелген коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмония бойынша ақпарат жарияланды.
Өткен тәулікте коронавирус белгілері бар пневмонияның 197 жағдайы және 1 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 42 адам емделіп шықты. 1 тамыздан бергі статистика бойынша ауырғандар саны – 35 914.
381 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандар саны – 28 207.
Айта кетейік елімізде коронавирус белгілері бар пневмонияның тұрғындар арасында асқынуының салдарынан еліміздің бірқатар облыстарында карантин режимі күшейтілді.