«Қазақалтын» кенішінде 33 жастағы жұмысшы топырақ астында қалып, мерт болды.
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, оқыс оқиға «Қазақалтын» тау-кен металлургия комбинаты» АҚ Бестөбедегі кенішіндегі жаңа шахтада болған. 17 қазанда өндірістік жұмыстар кезінде топырақ опырылып кеткен. Салдарынан кәсіпорынның 1987 жылғы жұмысшысы топырақтың астында қалып қойды. «Оқиға сағат 12:30 орын алды. Сол кезде «Қазақалтын» тау-кен металлургия комбинаты» АҚ құтқару отряды ер адамды топырақ үйіндісінің астынан алып шықты. Алайда ол Степногор қалалық ауруханасында көз жұмды», – дейді Степногор қалалық ТЖ басқармасының бастығы Еркебұлан Есенжолов.