Қаржылық чат құрып, 76 адамды құрығына түсірген қыздар ұсталды
Қаржылық чат құрып, 76 адамды құрығына түсірген қыздар ұсталды
241
оқылды

Алматы облысында туған қыздар пирамидалық чат құрып, ақша жымқырған.

Олар адамдарды қаржылық чатта жиналғандардың ақшасы көбейіп отырады деп алдаған. Ал салымшылардың ешқайсысы ақша алмапты.
«Қыздар әлеуметтік желілер арқылы қосымша табысқа мұқтаж қарапайым азаматтарды тапқан. Танысудан кейін олар капиталды көбейту бойынша ойластырылған тізбекті ұсынған. Жәбірленушілермен сенімді қарым-қатынас орната отырып, оларға ай сайын жоғары пайыздық мөлшерлемені алуды ұсынған, анығырақ айтсақ, алғашқы салым 100 мың теңгедені, бір айдан кейін олар 150 мың теңге етіп қайтаруға уәде берген», – дейді Медеу аудандық полиция басқармасының басшысы Дәурен Өтебаев.
Алайда ақша аударымынан кейін ешкімге қаражат қайтарылмаған. Екеуінің тәрекетінен 76 адам зардап шеккен. Осы мақсатта жаңа қылмыстық эпизодтарды анықтау үшін күдіктілердің тұлғалары мен деректерін жария ету қажеттілігі туындап отыр. Сотқа дейінгі тергеу ҚР ҚК-нің 190-бабы 4-бөлігі (Алаяқтық) бойынша жүргізіліп жатыр. Полиция қызметкерлері осы адамдардың заңсыз әрекеттерінен зардап шеккен азаматтарды Алматы қаласы Медеу ауданының Полиция басқармасына  254-48-02; 254-48-09 немесе 8-700-379-79-09 телефондары арқылы хабарласуға шақырады.