Сонымен қатар, 70,7% партияның саяси салада бәсекелестері жоқ деген пікірде, ал респонденттердің 69,2% елдің одан әрі дамуын тек «Nur Otan» партиясымен байланыстырады.
Партияны қолдаудың жоғары деңгейі, бұл пандемия кезеңінде халықты қолдау жұмыстарының күшеюінің, кері байланыстың онлайн-арналары мен қоғамдық қабылдаулардың нығаюының, Елбасы мен Мемлекет басшысының тапсырмаларының орындалуын бақылау жөніндегі мақсатты жұмыстарының нәтижесі.
Сондай-ақ, партия рейтингтерінің артуына қоғамда сұранысқа ие болған праймеризді өткізу ықпал етті.
Праймеризде партия мүшелерінің 82,4% дауыс берді, 10 мыңнан астам кандидат тіркелді. Олардың 55% - тен астамы қалалық және аудандық мәслихаттар тізіміне өтті.
Қазақстандықтардың 65,3% партиялық сайлау туралы хабардар. Олардың 62% праймеризді «жақсы тәжірибе» деп санайды.
Сонымен қатар биыл елге партия бастамасымен "Біргеміз" қоры арқылы халықтың әл-ауқатын жақсарту үшін көмек көрсетілді.