Қостанай облысында санитарлық бекеттер орнатылады
Қостанай облысында санитарлық бекеттер орнатылады
180
оқылды

Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов облыс шекарасында санитарлық бекеттер орнатуды тапсырды.

"Бас санитар дәрігердің 6 қазандағы қаулысына сәйкес, Қазақстан аумағына келген адамдар термометриядан өтуі керек. Осыған байланысты, облыстың шекаралас аудандарының әкімдеріне санитарлық бекеттерді ұйымдастыру бойынша жұмыс жүргізуді тапсырдым", – деп жазды әкім Instagram желісіндегі парақшасында.

Еске салайық, мұның алдында облыста карантин күшейтілгені хабарланған еді.