19 қазаннан бастап елімізде ПТР-тестілеу құны 9 мың теңгеге дейін төмендетілді. Үкімет жанындағы ведомствоаралық комиссиясы осындай шешім қабылдады.
"2020 жылғы 19 қазаннан бастап ҚР көптеген өңірлік зертханаларында ПТР-тестілеу құны 9 мың теңгеге дейін төмендетілді", – делінген ВАК отырысында қабылданған шешімде.
Еске сала кетейік, бұған дейін кинотеатрлар жұмысын бастайтынын хабарлаған болатынбыз. Сондай-ақ сенбіде сауда үйлері мен жабық базарлар жұмыс істейтін болады.