Қай нысандарға шектеу шаралары сақталатыны белгілі болды
Қай нысандарға шектеу шаралары сақталатыны белгілі болды
174
оқылды
Үкімет жанындағы ведомствоаралық комиссия кейбір нысандар жұмысына салынған шектеу шаралары жалғасатынын хабарлады. 
"Мектепке дейінгі балалар мекемелерінің, бильярд және компьютер клубтарының, ойын-сауық мекемелерінің, банкет залдарының, түнгі клубтардың қызметіне салынған тыйым сақталады. Облысаралық жолаушылар тасымалдарына және ортақ вагондарды құруға тыйым салу жалғасады", - делінген ВАК отырысында қабылданған шешімде.
Еске сала кетейік, бұған дейін кинотеатрлар жұмысын бастайтынын хабарлаған болатынбыз. Сондай-ақ сенбіде сауда үйлері мен жабық базарлар жұмыс істейтін болады.