Елордалық 16 автокөлік номерін ұрлап, көлік иелерінен ақша бопсалаған
Елордалық 16 автокөлік номерін ұрлап, көлік иелерінен ақша бопсалаған
200
оқылды
Елорданың 26 жастағы тұрғыны түнде "Евразия" СҮ ауданындағы тұрғын үйлердің аулаларында Ресей мен Қырғызстанда есепте тұрған 16 автокөліктен мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін ұрлап кеткен, - деп хабардлады қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі. Ведомствоның мәліметінше, автокөлік иелерінен сыйақы алуды жоспарлай отырып, ол зардап шеккен көліктердің алдыңғы әйнектеріне Telegram-дағы аккаунтымен жазбалар қалдырып, сол арқылы нөмірлік белгіні қайтару үшін 40 мың теңге талап еткен. Жедел-тергеу іс-шараларын жүргізу кезінде ұрлық жасаған азаматтың Қарағанды қаласында екені анықталып, оны полиция қызметкерлерімен қолға түсірді. Күдікті елордаға жеткізілді және кінәсін мойындады. Оның айтуынша, ұрланған автокөлік номерлерін жасырған. Негізінен бұл көрінбейтін, ұрлық болған жерден алыс емес, бірақ оңай қол жетімді орындар болды: тас астында, бордюрлардың артында, үйдің жертөлесінде. Ол ақша алғаннан кейін жәбірленушілерге олардың қайда екендігі туралы айтпақ болған. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 194-бабы ("бопсалау") бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды.
"Құрметті елорда тұрғындары мен қонақтары, автокөлік нөмірлерінің ұрлануын болдырмау үшін көлікті күзетілетін тұрақтарда немесе бейнебақылау камераларымен жабдықталған орындарында қалдырыңыз", - делінген хабарламада.