Президент – ең жоғары лауазымды тұлға
Президент – ең жоғары лауазымды тұлға
382
оқылды

Бірқатар БАҚ бетінде Президенттің 2019 жылдың 9 қаза­нындағы «Қазақ­стан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Жарлығы төңірегінде түрлі пайым-пікірлер туды. Осыған байланысты Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли facebook-тағы парақшасында мәлім­деме жасады.

«Менің ойымша, бұл Президенттің «кезекті» Жарлығы. Бұл құжатқа 2018 жылғы шілдеде қабылданған Қауіпсіздік Кеңесі туралы жаңа заңның ережелеріне сәйкес қол қойылды. Аталған алқалы органның өкі­леттілігін күшейту заңға сәйкес қарас­тырылады. Ал оны Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Назарбаев өмір бойы басқарады.

Мемлекеттің лауазымды тұлғаларын тағайындау туралы келісім тәртібі іс жүзінде Президенттің барлық кадрлық мәселелер бойынша өз бетінше шешім қабылдауына кедергі келтірмейді. Елбасының өзі «Хабар» телеарнасына берген сұхбатында: «Тоқаев менімен ақылдасады. Бірақ өзі шешім қабылдайды» деген болатын. Президент Конституция бойынша еліміздің Жоғарғы Бас қолбасшысы және ол Үкіметті жасақ­тайды. Мемлекет басшысы – облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың әкімдерін жергілікті мәслихаттардың келі­сімдерімен тағайындайтын жоғары лауа­зымды тұлға. Сондай-ақ Президенттің құзы­реті Қазақстан Республикасы Конститу­ция­сының 40-48-баптарында анық көрсетілген» деп мәлімдеді Берік Уәли.