Қазгидромет қарашада ауа райы қандай болатынына болжам жасады.
Қараша айының бірінші жартысында республиканың солтүстік бөлігінде, шығысында және орталығында қысқы ауа райы болжанады.
«Қараша айында жауын-шашын (көбінесе қар), қарлы боран, сондай-ақ көктайғақ пен тұман жиі болады. Айдың бірінші жартысының ең суық күндерінде термометр бағанасы түнде -10-23°C, күндіз -2-10°C дейін төмендейді. Суық ауа массалары жылыға ауысқанда термометрлердің бағаналары +5+12°С белгісіне жетеді.Еліміздің оңтүстік бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, жылбысқы қар) айдың екінші жартысында күтіледі, таулы жерлерде ертерек болуы мүмкін. Бұл жағдайда температура фоны түнде -5-12°С дейін, күндіз -1+5°С дейін төмендейді», – делінген хабарламада.
Сондай-ақ, Қазгидромет мамандары елдіғ солтүсіндегі суық ауа райы болатынын айтты.
«Қазақстанның басым бөлігінде ауа температурасы норма шамасында, елдің солтүстік-батыс жартысында – нормадан 1°С жоғары, оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығыстың таулы және тау бөктерлі аудандарында - нормадан 1°С төмен болады деп күтілуде. Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын мөлшері норма шамасында, еліміздің солтүстік-шығыс жартысында және оңтүстік-шығыс аймақтарының таулы, тау бөктеріндегі аудандарында нормадан көп, республиканың оңтүстік-батыс жартысында нормадан аз болады», – делінген болжамда.
Қараша айында қар жамылғысы пайда болады және қалыптасады. Көпжылдық мәліметтерге сәйкес, қар жамылғысы қалыптасуының орташа күні: солтүстік және шығыс аймақтарда – қараша айының ортасында, Қазақстанның орталық бөлігінде - қарашаның екінші жартысында, еліміздің батысы мен оңтүстік-шығысында – қарашаның соңында және желтоқсанның бірінші жартысында, республиканың оңтүстігінде және оңтүстік-батысында – желтоқсанның үшінші онкүндігінде.