Алматыда автобус бір топ жеңіл көлікпен соқтығысты
Алматыда автобус бір топ жеңіл көлікпен соқтығысты
104
оқылды

Алматыда автобус бір топ жеңіл көлікпен соқтығысты, – деп хабарлады қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Жол апатының видеосы әлеуметтік желілерде пайда болды. Онда автобустың жол бойында тұрған көліктерді соғып барып тоқтағаны көрінеді. Бірнеше көлік зақымданған. Оқиға 20 қазанда таңғы сағат 05:50-де болған.

«Қоғамдық көлікті 1982 жылы туған Е. есімді жүргізуші басқарған. Ол Мұстафин көшесімен солтүстік бағытта, «Орбита-1» ықшамауданындағы №21 үйге қарама-қарсы тоқтаған кезде, автобустың өздігінен қозғалуына жол берген. Салдарынан қоғамдық көлік жолдың шетінде тұрған бірнеше автокөлікке барып соқтығысты. Қазіргі уақытта Бостандық аудандық полиция басқармасы аталған фактіні тіркеуге алып, тергеу жұмыстары жүргізілуде. Зардап шеккендер жоқ»,– делінген ақпаратта.

https://www.instagram.com/p/CGjJHG6jlBQ/?utm_source=ig_embed&utm_campaign=embed_video_watch_again