Полиция қызметкерлерінің бесеуі қызметінен босатылып, үшеуі қамауға алынды
Полиция қызметкерлерінің бесеуі қызметінен босатылып, үшеуі қамауға алынды
234
оқылды

ШҚО Үржар ауданы Мақаншы ауылының полиция бөлімінде 33 жастағы күдіктіні азаптау ісі бойынша бес полиция қызметкері жұмысынан қуылып, үшеуі қамауға алынды.

ШҚО ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, полиция бөлімінде адам өлімінен соң 3 полицей күдікті ретінде тергеуге алынды. Олар қызметінен қуылып, Үржар ауданы ПБ уақытша ұстау изоляторына қамалды. "Азаптау" бабы бойынша тергеу жүргізілуде.

Сонымен қатар ШҚО ПД бастығының бұйрығымен қол астындағы қызметкерлердің тәртібі мен қызметін дұрыс бақыламағаны үшін ішкі істер органдарынан аудандық полиция бөлімінің екі басшысы қызметінен босатылды.
Оқиғаны тергеп-тексеру үшін облыстық полиция басшысы Сағат Мәдиевтің төрағалығымен жедел тергеу тобы құрылды. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жарияланбайды.