«Nur Otan» партиясы облыстық филиалының Партиялық бақылау комиссиясының мүшелері «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан жобаларға зерделеу жұмыстарын жүргізіп, Қызылорда қаласы Жезқазған автожолы бойындағы 600 орындық мектеп құрылысымен танысты.
Бүгінгі күнге 1-3-блоктары монтаждалып, төбе жабындылары салынып, қыш қалау жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс барысында техникалық қауіпсіздікті сақтау шараларына баса назар аудару ұсынылды. Мектеп құрылысының аяқталу мерзімі 2021 жылдың желтоқсан айына жоспарланды. Аталған топ «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан Қызылорда қаласы Е.Әуелбеков көшесінде орналасқан филармония ғимаратының құрылысымен танысып, бірқатар ұсынысын білдірді. Сондай-ақ Қызылорда облыстық Партиялық бақылау комиссиясының мүшелері тиісті салалық мемлекеттік орган өкілдерімен бірлесіп аталған нысан құрылысына қайта зерделеу жұмыстарын жүргізді. Бүгінгі күні жер жұмыстары, іргетасын қалау, электр бағаналарын көшіру жұмыстары толықтай біткен. Су жүйесіне қосу, қыш қалау, абаттандыру жұмыстары 60-80 пайызға жасалған. Құрылыс нысанын 2020 жылдың 20 желтоқсанында пайдалануға беру жоспарлануда. Кездесу барысында жұмысшы топ мердігер жұмысшылар тапшылығын алға тартып, қосымша қызметкерлердің аса қажеттілігін жеткізді.Әбілмансұр ЖАСАН