Air Astana күзгі-қысқы навигация кезеңіне жоспарын жариялады
Air Astana күзгі-қысқы навигация кезеңіне жоспарын жариялады
5,227
оқылды

Air Astana күзгі-қысқы навигация кезеңінде халық­аралық рейстерді кейбір өзгерістермен жалғастырады. 2020 жылдың 21 қазанынан бастап Денсаулық сақтау министрлігінің тапсырмасына сәйкес Air Astana Түркия, БАӘ, Украина және Германияға халықаралық рейстер санын азайтады. Осылайша, Cтамбұлға ұшудың апталық жиілігі 16-дан 12-ге, Дубайға – 12-ден 8-ге, Киевке – 3-тен 1-ге, Франкфуртқа – 6-дан 4 рейске дейін төмендейді. Әуекомпания Шарм-Эль-Шейх пен Мальдив аралдарына чартерлік рейс жасамақ. Ішкі рейстер кестесі өзгеріссіз қалады.

Әуекомпанияның президенті Питер Фостер: «Біз үкіметтердің вирустың таралуын тоқтатуға арналған әрекеттерін қолдаймыз. Сонымен бірге саяхаттау, туристік және рекреациялық индустрия – бұл әлемдік экономикалық қызмет пен жұмыс орындары ұлғаюының қуатты генераторы. Бұл салалардың 2021 жылдың басында толығымен жандануы өте маңызды, әйтпесе қаржылық және әлеуметтік салдары ұлттық экономика үшін де, адамдардың өмірі үшін де өте ауыр болады. IATA мен біз толық мүше болған Asia Pacific Airlines қауымдастығының (AAPA) хаттамаларына сәйкес, халықаралық рейстермен ұшатын жолаушыларды COVID-19 анықтайтын тестілеу осындай қайта іске қосуы үшін маңызды деп санаймыз». IATA зерттеулеріне сәйкес, ұшақ салоны коронавирус инфекциясына қарсы басқа қоғамдық орындармен салыстырғанда ең қауіпсіз болып табылады, ал ПТР-тестілері мен борттық бетперделер инфекцияның таралуымен күресудің тиімді әдісі. Сонымен, 2020 жылдың басынан бастап тасымалдау кезінде инфекцияның 44 оқиғасы тіркелді, осы кезеңде 1,2 млрд жолаушы тасымалданғанына қара­мастан, бұл орташа есеппен 27 млн жолаушыға 1 оқиға. Ұшақтардың қауіпсіздігі ең алдымен ұшақ ішінде орнатылған бактериялардың/вирустардың 99,9%  ұстап қалатын HEPA сүзгілерімен байланысты. Көптеген әуекемелерінде ауа сағатына 20-30 рет алмасады. Air Astana Қазақстанның Бас мемлекеттік сани­тарлық дәрігері белгілеген барлық санитарлық норма­ларды сақтайды.