Демалыс күндері елордадағы сауда орталықтарының қайта ашылатын күні эпидемиологиялық жағдайға байланысты болады. Бұл туралы Нұр-Сұлтанның бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жанна Пірәлиева мәлімдеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
«Әзірге эпидемиологиялық жағдай келесі демалыс күндері сауда орталықтарын ашуға мүмкіндік бермейді. Қазір бізде жеңілдік жасауға мүмкіндік жоқ, COVID-19 жағдайларын тіркеу жалғасуда. Мәселен, кеше 29 жағдай балалар арасында да, ересектер арасында да тіркелді. Көбінесе олар симптомды түрімен ауырады. Сондай-ақ аурудың алдыңғы аптамен салыстырғанда өсуі байқалады. Бүгін бесінші күн елорда «жасыл» аймақта тұр, осы көрсеткіштер 14 күн бойы сақталғаннан кейін ғана жеңілдету туралы айтуға болады», - деп түсіндірді Жанна Пірәлиева.
Сұхбаттасушы сонымен қатар аймақтың түсі арнайы матрица арқылы анықталатынын атап өтті. Репродуктивті сан аурушаңдық деңгейі бір күнге көтерілген жағдайдың өзінде санау қайта басталады.