Есмағамбетова 12 өңірде коронавирусты жұқтыру көрсеткіші қайта артқанын айтты
Есмағамбетова 12 өңірде коронавирусты жұқтыру көрсеткіші қайта артқанын айтты
192
оқылды

Денсаулық сақтау министрлігінің Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы Айжан Есмағамбетова елімізде 12 өңірде коронавирусты жұқтыру көрсеткіші қайта артқанын айтты. 

«Қазақстандағы соңғы аптада алдыңға аптамен салыстырғанда коронавирусты жұқтыру деңгейі 1,2 есе артқан. Қазақстанда 12 өңірде өсім байқалады», - деді Айжан Есмағамбетова ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Еске сала кетейік, бұған дейін Нұр-Сұлтанда коронавирус жұқтырған науқастар саны артып бара жатқанын жазған болатынбыз.