Вице-министр оқушылардың екінші тоқсанда қалай оқитынына қатысты пікір білдірді
Вице-министр оқушылардың екінші тоқсанда қалай оқитынына қатысты пікір білдірді
218
оқылды
Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғинаят оқушылар екінші тоқсанда қандай форматта оқитынына қатысты пікір білдірді.
«Балалардың мектепке оралуы елдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты шешілетін болады. Үкімет жанындағы ведомствоаралық комиссия күнде бақылау жүргізіп отыр. Ол комиссияның құрамында Білім және ғылым министрлігінің өкілдері де бар», - деді Ажар Ғинаят.
Еске сала кетсек, бұған дейін бұл сұраққа Білім және ғылым министрлігі жауап беріп, шешімді Денсаулық сақтау министрлігінен күтіп отырғанын хабарлаған еді.