Медицина қызметкерлеріне өтемақы беру тоқтатылды
Медицина қызметкерлеріне өтемақы беру тоқтатылды
228
оқылды
Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов коронавирустан қаза тапқан медицина қызметкерлерінің барлығының отбасылары өтемақы алғанын айтты. 
«COVID-19-бен күрес аясындағы шараларға жұмылдырылған медицина қызметкерлерінің айлық жалақыларына індетті жұқтырып алу тәуекелі үшін үстемақы төлеу жалғасып жатыр. Премьер-Министрдің тапсырмасымен 20 қазанда Үкімет жанындағы ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтіп, онда медицина қызметкерлеріне бірреттік әлеуметтік төлемді аяқтау туралы шешім қабылданды. Атап айтқанда, 20 қазаннан бастап қазіргі уақытта жасалған барлық жағдайды ескере отырып, медицина қызметкерлеріне әлеуметтік төлем үшін жаңа өтінімдер қабылдау тоқтатылды», - деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.
Бірінші вице-министрдің айтуынша, қазіргі уақытта төлем алуға құқылы медицина қызметкерлерінің 421-іне ғана ақша аударылған жоқ. Оларға қатысты мәселе өңірлік комиссия деңгейінде рәсімделіп жатыр. Төлем осы жылдың 23 қазанына дейін беріледі.