Шымкенттік оқушы шашбаудың пайдасын дәлелдеп, патент алды
Шымкенттік оқушы шашбаудың пайдасын дәлелдеп, патент алды
552
оқылды

Бұл туралы  Шымкентте Назарбаев зияткерлік мектебінің Instagram-дағы парақшасында жарияланды.

Жобаның авторы шашбау мен шолпының пайдасын зерттеген.

«Шашбауды пайдаланғанда қауіпсіз, қолайлы болу үшін өзгертіп, заман сұранысына сай етіп қайта жаңартты. Нәтижесінде, шашбау мойын омыртқаның қисаймауына көмектеседі. Сондай-ақ қан-тамыр ауруларын азайтуға септігін тигізеді» делінген ресми жазбада.

Ғылыми жоба жетекшісі – ұстаз Жанна Дүйсенбиева.   [caption id="attachment_81639" align="aligncenter" width="595"]шашпау, Шымкент, патент, шаш Фото: Назарбаев зияткерлік мектебінің Instagram-дағы парақшасынан алынды[/caption]

«Шашбаудың пайдасы – шашқа сән беру немесе сылдырлатып назар аударту емес. Қыз баланың тұлғасын тік қалыптастыратын әшекей деп таққан жөн. Шашбау – қыз бала еңсесін тік көтеріп ұстау үшін өте қажет. Шашбаудың салмағы қыз баланың жас ерекшелігіне қарай ауырлап отыратыны сондықтан», – дейді Жанна Дүйсенбиева.