Мәжіліс пен мәслихаттарға сайлау дәстүрлі қағаз форматында – б ллетеньдер арқылы өтеді. Бұл туралы ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Берік Имашев мәлімдеді, деп хабарлайды zakon.kz.
Бар ерекшелігі, біз сайлауды пандемия жағдайында өткіземіз. Біз жазда Сенатқа сайлауды пандемия жағдайында өткіздік, бірақ ол жанама сайлау еді, сондықтан оны өткізу оңайырақ болды. Covid-ті ескерсек, мен бұл мәселенің қайдан шыққанын білмеймін, бірақ сайлау процесі "Сайлау туралы" заңмен реттеледі. Бізде онлайн дауыс беру қарастырылған емес. Поштамызға да көпкүндік дауыс беруге қатысты сұрақтар келіп жатады, бірақ біздің заңымызда ондай нәрселер жоқ, - деді Имашев.
Оның айтуынша, бұл сайлау әдеттегі жүйе бойынша, қағаз бюллетеньдерін пайдалану арқылы өтеді.
Яғни, бұл сайлау да бұрынғы сайлаулар сияқты үйренген әдісімізбен өтеді, - деп сөзін түйіндеді ол.