Оралда карантин күшейтілді
Оралда карантин күшейтілді
187
оқылды
Орал қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігері қала тұрғындары арасында коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу мақсатында, сондай-ақ эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып жаңадан шектеулер енгізді. Орал қаласының аумағында:
  • 65 жастан асқан адамдардың себепсіз көшеге шығуына шектеу қойылады;
  • Демалыс күндері ауыл шаруашылық, азық-түлік жәрмеңкелерін өткізуге тыйым салынады;
  • Демалыс күндері қоғамдық көліктердің жұмысы тоқтайды.
Орал қаласы әкіміндігі мен қалалық полиция басқармасы төменде көрсетілген жабайы сауда орындарын жоюы тиіс:
  • «Мирлан» базарының ауданы - Досмұхамедов көшесі;
  • «Жайық дүкеннің» ауданы - Әбілқайыр хан даңғылы, 155;
  • «Юбилейная» аялдамасының ауданы - Н. Назарбаев даңғылы;
  • «Школьник сауда үйінің» ауданы - Құрманғазы көшесі;
  • Бұрынғы «Султан» базары - Абай даңғылы 90/2в;
  • «Жеңіс сауда үйіне» қарама-қарсы 6 шағын аудан;
  • «Аяжан сауда үйіннің» ауданы - Әбілқайыр хан даңғылы, 155;
  • «Ақжол» базараның ауданы - Құрманғазы көшесі;
  • «Өнім» базарының ауданы - Гагарина көшесі;