Нұр-Сұлтанда жексенбіде қоғамдық көліктер жүрмейді
Нұр-Сұлтанда жексенбіде қоғамдық көліктер жүрмейді
219
оқылды
Жексенбі күні 25 қазанда елордада қоғамдық көлік қатынамайды. Бұл туралы CTS компаниясының баспасөз қызметі хабарлады. Ол күні автобустар мен автопарктерде дезинфекциялық жұмыс жүргізіледі. Басқа күндері қоғамдық көліктер қалыпты жұмыс істейді. Дүйсенбі, 26 қазаннан бастап автобустар қайта қатынайды.
«Қала тұрғындарын санитарлық нормаларды сақтауға шақырамыз. Автобустарға бетпердесіз кіруге тыйым салынады», - делінген ақпаратта.
Жол ақысы тек қолма-қол ақшасыз төленеді.