Отбасын құруға ең ыңғайлы жас белгілі болды
Отбасын құруға ең ыңғайлы жас белгілі болды
427
оқылды
Америкалық әлеуметтанушылар бақытты некеге себеп болатын жасты атады, деп жазады Marriage.com. Әлеуметтанушылардың санағының нәтижесі бойынша, отбасын 28 бен 32 жас аралығында құрған дұрыс. Осы уақытта ажырасу көрсеткіші төмен болады. Себебі қос тарап та отбасылық өмірдің не екенін жақсы түсінеді. Күнделікті ұсақ-түйек шаруаны атқаруға да дайын. Әдетте 30 жасқа қарай адамдар қаржы жағынан тәуелсіз бола бастайды. Әрі жалғыз өмір сүрудің қандай екенін біледі, бала тәрбиесінен де хабары бар. Дегенмен ерте тұрмыс құру отбасыңды тезірек қаржымен қамтамасыз етуге және баланы ертерек тәрбиелеуге ұмтылдырады.