Дәрі бағасы тұрақты
Дәрі бағасы тұрақты
142
оқылды
Ақтөбеде дәрі бағасының тұрақтылығы жіті назарда. «Nur Otan» партиясының Ақтөбе қалалық филиалы жанындағы партиялық ба­қылау комиссиясы мүшелері дәріханалардағы меди­ци­налық препараттардың қоры мен сатылу көлемін бақы­лап, құнын білді. «Nur Otan» партиясы Ақтөбе қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нұрлыбек Жүсіпов бастаған мобильді топ құрамы Europharma, «Милле­ниум», «Провизор» дәріхана же­лі­­лерінде болды. Партиялық ко­­миссия мүшелері рейд бары­сын­да дәрілердің жеткілікті қоры­ның бар екеніне және дәрі­лер Денсаулық сақтау министр­лі­гінің бекіткен шекті бағамен сатылып жатқанына көз жеткізді.
– Біз мониторинг кезінде 6 дәріханаға бардық. Дәрі-дәр­мектің бағасы шілде-тамыз айы­на қарағанда арзан және тұрақты. 5-10 теңге ғана айырмашылық бар. Дәріханалар бір-екі айға жететін дәрімен қамтамасыз етілген. Сұранысқа орай жеткізі­ліп отыр. Бұрынғыдай кезек жоқ. Фармацепттердің айтуынша, дәріханаларға күніне 5-10 адам ғана келеді, – деді партиялық бақылау комиссиясының төра­ғасы Жұмабек Куканов.
Партиялық бақылау комис­сиясы бетперденің де бағасын сұрастырып білді. Қорғаныс құ­ралы қазір 50 теңгеден сатылуда. Сонымен қатар партиялықтар халықпен әңгімелесіп, олардың да пікірін тыңдады. Тұтынушылар дәрі-дәрмектің бағасы қолже­тімді екенін айтты. Бір атап өтерлігі, партиялық бақылау комиссиясы мүшелері бір дәріхананың фискалдық чегінде дәрі-дәрмек атаулары көрсетіл­мегенін байқады. Бұл олқылықты тез арада жоюға ұсы­ныс берілді. Партиялықтар жуық арада осы дәріханаға қайтадан келіп, бақылау жұмыстарын жал­ғас­тырады. Айта кету керек, Ақ­төбе қаласында 278 дәріхана бар. Партиялық бақылау комис­сиясының төрағасы Жұмабек Кукановтың айтуынша, мони­торинг жұмысының мақсаты – дәріханалардағы қажетті дәрі-дәрмектердің негізсіз қымбат­тауына жол бермеу, қызмет көр­сетушілер мен тұтынушылардың тәртіпті қатаң сақтап, антисеп­тикалық құралдар мен қорғаныс құралдарын мақсатты пайда­ланғанына көз жеткізу.

Әбілмансұр ЖАСАН