Бүгін еліміздің басым бөлігінде қар жауып, жауын-шашын болады.
Қазгидрометтің мәліметі бойынша, Ақмола, Қостанай, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан мен Павлодар облыстарының кей жерлерінде бұрқасын мен көктайғақ болып, желдің екпіні секундына 20 метрге дейін жетеді. Ал Шығыс-Қазақстан, Ақтөбе, Атырау аймағында қою тұман түседі. Синоптиктердің болжауынша, тек еліміздің оңтүстік-батысында антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.