Солтүстік Қазақстандағы мектепті 1 теңгеге сатып алуға болады
Солтүстік Қазақстандағы мектепті 1 теңгеге сатып алуға болады
247
оқылды

Солтүстік Қазақстан облысында босап, қаңырап қалған мектеп ғимараттары аукционға қойылды. Бәссауда шартына сәйкес ең төмен баға небәрі – 1 теңге.

  [caption id="attachment_82551" align="aligncenter" width="800"]мектеп сату Фото: Дереккөзден алынды[/caption]

Жамбыл ауданы Үлгі ауылында мектеп ғимараты үшін бастапқы баға 3,7 млн теңге болып белгіленген. 2020 жылы осы ауылда 18 тұрғын болған. Ал 10 жыл бұрын 235 адам өмір сүрген екен. Мектеп 10 қараша күні аукционға шығарылмақ.

1972 жылы салынған ғимараттың ауданы шамамен 471 шаршы метр. Петропавловск.news-тің жазуынша, бәссауда тәсілімен жүргізілгендіктен, ең төмен баға ретінде 1 теңге қойылды.