Subaru көлігі бес жасар баланы қағып кетті
Subaru көлігі бес жасар баланы қағып кетті
143
оқылды

Бес жасар бала Алматыда шетелдік көліктің доңғалағының астына түсіп кетті. Оқиға бақылау камераларына жазылған.

Жол апаты Алматы қаласының Түрксіб ауданындағы Постышев көшесінде болған. Кадрдан көрініп тұрғандай, отбасымен бірге тротуарда тұрған бала бір сәтте Subaru көлігіне қарай шығып кеткен.   [caption id="attachment_82529" align="aligncenter" width="800"]бала Фото: Интернеттен алынды[/caption] Жүргізуші көлікті тоқтатып үлгермеді. Қазір бала балалар травматологиясында, дәрігерлер оның өмірі үшін күресуде.

Полиция оқиғаның видеосын зерттеп жатыр.

Алматы ПД ЖКО фактісі бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345 – бабы –  "Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.