Нұр-Сұлтан қаласы мен тоғыз облыста ескерту жарияланды
Нұр-Сұлтан қаласы мен тоғыз облыста ескерту жарияланды
193
оқылды
26 қазан күні ауа райының бұзылуына байланысты Нұр-Сұлтан қаласы мен тоғыз облыста ескерту жарияланды, деп хабарлайды Қазгидромет РМК. Нұр-Сұлтан қаласында қалың тұман, қатты көктайғақ, нөсер жауын, 21 м/с екпіндегі жел болжанады. Павлодар облысында оңтүстік-батыстан жел соғып, күші түнде кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз 25 м/с жететіні күтіледі. Маңғыстау облысының кей жерлерін тұман басады. Қызылорда облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады. Кей жерлерде оның күші түнде 15-20 м/с, күндіз 23-28 м/с артуы ықтимал. Атырау облысының кей жерлерінде солтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы 15-20 м/с күшейеді. Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман болжанады. Солтүстік-батыстан соғатын желдің күші кей жерлерде 15-20 м/с артады. Ақмола облысында жауын-шашын (күндіз көбінесе жаңбыр түрінде) жауады. Кей жерлерде тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші түнде кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз екпіні 23-28 м/с жетеді. Солтүстік Қазақстан облысында жауын-шашын (көбінесе жаңбыр) болады. Кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстіктен жел соғып, екпіні 25 м/с күшейеді. Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болжанады. Оңтүстік-батыстан жел соғып, күші 15-20 м/с артады. Жамбыл облысында оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с артады. 27 қазанда екпіні 23-28 м/с күшеюі ықтимал.