Елордада серуендеуге және жайлы демалысқа арналған жаңа қоғамдық орын пайда болды. Алматы ауданы Промышленный елді-мекенінде спорт алаңымен, мүмкіндігі шектеулі балалардың да қажеттіліктері үшін жабдықталған ойын алаңы ашылды, деп хабарлады елорданың ресми сайты.
«Мұнда жарықтандыру, суару жүйесі толығымен автоматтандырылған. Сонымен қатар, тұрғындар заман талабына сай, заманауи, жаттығу құрылғылары орнатылған спорт алаңы салынды. Бұған қоса балаларға арналған ойын алаңы да орнатылды», — дейді Нұр-Сұлтан қаласы Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы басшысының орынбасары Айдын Бегімбеков.
Оның айтуынша, саябақта мүмкіндігі шектеулі балалардың да жағдайы назардан тыс қалмағанын айрықша атап өтті.
Парк ішінде шағын ауданның тұрғындарымен қосылып, сенбілік тғ ұйымдастырылған. Соның нәтижесінде 40 қарағай ағашы егілді.
Басқарма басшысы атап өткендей, «Нұр-Сұлтан — жайлы қала» жоспары бойынша елорданың шет аумағындағы бос жатқан жерлерді игеру арқылы, сол сияқты жарамсыз ескі ғимараттарды бұзу арқылы ел игілігіне, тұрғындардың жайлылығына арналған алаңқайлар, саябақтар біртіндеп ашылатын болады.
Айта кету керек, елорда тұрғындары мен қонақтарына ыңғайлы болу үшін аула аумақтарын абаттандыруға көп көңіл бөлінеді. Биылғы жылдың өзінде қалада 150 аула мен 50-ден астам қоғамдық кеңістік абаттандырылды.