"Қазгидромет" РМК 27-29 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады.
"Аптан басында Финляндиядан көп мөлшерде ылғал ала келетін циклон Қазақстанның басым бөлігінде ауа-райына әсерін жоғалтпайды. Жауын-шашын сақталады (жаңбыр, қар), кей жерлерде қатты жауады. Кейбір аймақтарда тұман, көктайғақ, желдің күшеюі күтіледі. Еліміздің солтүстік жартысында қар жауады. Тек аптаның ортасына қарай Батыс антициклон республиканың басым бөлігіне ауысып, температураның төмендеуі күтіледі. Батыста үш күн бойы жауын-шашын болмайды", - делінген хабарламада.