Қазақстандық волейболшы Сабина Алтынбекова Instagram-дағы парақшасында бір букет гүл ұстаған суретін жариялады.
Суреттің астына пікір жазғандар көп. Солардың бірі аралас жекпе-жек бойынша өнер көрсететін спортшы Қуат Хамитов тағы да қызға сөз салып, үйленгісі келетінін айтты.
"Жылы киін, менің балаларымның анасы болатыныңды ұмытпа", - деп жазды Хамитов.
Еске сала кетейік, бұған дейін қазақстандық ММА жауынгері «Найман» лақап атымен танымал Қуат Хамитов Боратты қалай жазалайтынын айтқанын жазған болатынбыз.