Екінші тоқсанда қанша оқушы мектепке оралатыны белгілі болды
Екінші тоқсанда қанша оқушы мектепке оралатыны белгілі болды
198
оқылды

Білім және ғылым министрлігі оқу жылының екінші тоқсанында оқушыларды оқытуға байланысты есептеу жүргізді.

Білім және ғылым министрлігінің Telegram-да жариялаған мәліметінше, қазіргі кезде қазақстандық мектептерде 3,4 млн бала оқиды: қашықтан оқыту форматында – 2,4 млн, дәстүрлі форматта – 953 мың, 647 мың бала кезекші сыныптарда (1-4 сынып), шағын жинақты 3047 мектепте 306 мың оқушы білім алып жатыр.

"Екінші тоқсанда оқу форматтары бойынша балалардың болжамды саны: қашықтан оқыту форматында – 2,2 млн, дәстүрлі форматта – 1,2 млн, оның ішінде 800 мыңнан астам бала кезекші сыныптарда (1-5 сынып), шағын жинақты 4010 мектепте 434 мың оқушы, 13 халықаралық мектепте 3 мыңға жуық оқушы (1-7 сынып) білім алатын болады, - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, кеше ата-аналардың өтініші бойынша 1 сыныптан 5 сыныпқа дейін кезекші сыныптарда оқуға рұқсат етілгенін жазған болатынбыз.