Шетелден ұшып келген 39 жолаушының коронавирус жұқтырғаны белгілі болды
Шетелден ұшып келген 39 жолаушының коронавирус жұқтырғаны белгілі болды
179
оқылды
6 қазаннан бастап Қазақстанға халықаралық әуе рейстерімен 44 834 жолаушы ұшып келді. Бұл туралы Көліктегі бас мемлекеттік санитар дәрігер Сәдуақас Байғабылов айтты.
"Оның басым бөлігі, яғни 84 пайызы - шетелдіктер. ПТР-тест анықтамасыз 7 540 жолаушы келді. Оның бәрі де ПТР-тест тапсыру үшін 2 күнге карантин стационарына жатқызылды. Осы 7540 адамның ішінде 39-ынан коронавирус анықталды», - деді Сәдуақас Байғабылов ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.
Оның айтуынша екі күндік карантинге жолаушылар Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Орал, Ақтөбе, Атырау, Ақтау, Қарағанды қалаларында жатқызылып жатыр. Еске сала кетейік, бұған дейін шетелде жүрген Қазақстан азаматтарының әуе рейстерімен ПТР-анықтамасынсыз отанына оралуға құқығы бар екенін жазған болатынбыз.