Полицейлер тікелей эфирде өзіне қол жұмсамақ болған ер адамды құтқарды
Полицейлер тікелей эфирде өзіне қол жұмсамақ болған ер адамды құтқарды
161
оқылды
Нұр-Сұлтан полицейлері тікелей эфирде өзіне қол жұмсамақ болған ер адамды құтқарды, - деп хабарлайды қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі. 25 қазанда кешкісін полицияға Facebook-қолданушысынан белгісіз ер адам Сарайшық көшесіндегі көпірден тікелей эфирде секіргелі тұр деген қоңырау түскен. Оқиға орнына патрульдік полиция экипажы жіберілген. Көпірдің қоршауының артында қызметкерлер күйзеліске түсіп, секірейін деп тұрған ер адамды көреді.
"Полицеймен әңгімелесу кезінде ол әйелімен ажырасқанын және балаларын сағынғанын айтты. Қызметкер азаматпен диалог жүргізіп, оны секірмеуге көндірді. Патруль қызметкерлері мүмкіндігінше жақындаған сәтте ер адамды ұстап алып, оны қоршаудың үстінен қауіпсіз жерге алып барды. Елорданың 34 жастағы тұрғыны Есіл аудандық полиция бөліміне жеткізілді. Ер адамның психо-эмоционалды жағдайын тұрақтандыру үшін онымен психологтар жұмыс істеді. Күйзеліс жағдайында кәсіби психологиялық көмек көрсетілді", - деді департамент қызметкерлері.
https://www.youtube.com/watch?v=1e15GVKUKQI&feature=emb_logo