Президент Жолдауында айтылған басымдықтарды түсіндірді
Президент Жолдауында айтылған басымдықтарды түсіндірді
201
оқылды

Перизат Шымыртайқызы кездесу барысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: Іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауын талдап, компания жұ­мысы мен онда жұмыс істейтін жұмысшылардың хал-жағдайымен танысты.

Кездесуде Саяси кеңес мүшесі шағын және орта бизнестің ел дамуындағы, халықтың тұрмысын жақсартудағы рөліне де тоқталды.Әсіресе, ауылды жерлерде кәсіп­керлікті дамыту, ауыл шаруашылы­ғы өнімдерін өндірудің өзектілігін атап өтті. Сонымен қатар кәсіпорын қызметкерлерін толғандырып жүр­ген мәселелерді талқылап, олардың сұрақтарына жауап берді. Әрі Президент Жолдауында айтылған тапсырмалардың орындалу бары­сын партия назардан тыс қалдыр­майтынын тілге тиек етті. Айта кетейік, мұнда күніне 49 тонна ірімшік, сары май және сүт өнімдері шығарылады. «Бурное сүт компаниясы» зауытына облыс­тағы 8 ауылшаруашылық коопера­тиві, 50 шаруа қожалығы, 25 жеке кәсіп­кер сүт өткізеді. Компанияда 93 адам жұмыс істейді.

Әбілмансұр ЖАСАН