«Jas Otan» Жастар қанатының «Ұрпақтар сабақтастығы» партиялық жобасы аясында РҚБ «Ардагерлер ұйымы» ШҚО филиалының төрағасы Айтқазы Шерубаев Өскемен қаласының жастарымен кездесу өткізді.
Аталмыш шара барысында жастар аға буын өкілінің үздік тәжірибесімен танысып, ұсыныстар мен пікір алмасу алаңын ұйымдастырды. Ашық әңгіменің алаңына айналған кездесуде олар өздерінің көкейлерінде жүрген түрлі сауалына жауап алды.– Жастар – еліміздің болашағы, ал болашағымыз жарқын болуы үшін аға буын өкілдерінің біздің алаңға келіп, бағыт-бағдар беруі маңызды. «Ұрпақтар сабақтастығы» жобасы жастарға рухани білім берді деп айта аламыз. Жастар мен аға буын өкілдерінің кездесуі бүгінгі күні өте маңызды. Себебі жастарға тәрбиелік мәні бар, патриоттық бағытта, адамгершілік тақырыбында әңгіме айту сиреп барады, – дейді шараны ұйымдастырған «Nur Otan» партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалы жанындағы «Jas Otan» ЖҚ жетекшісі Алмас Айтмұқаш.Іс-шара соңында жастар бүгінгі кештен жақсы әсер алғанын, осындай тағылымдық мәні зор кездесулерді жиі өткізу керек екенін ерекше атап өтті.
Әбілмансұр ЖАСАН