Әнші-асабалар неге салық төлемейді?
Әнші-асабалар неге салық төлемейді?
380
оқылды

«Қазақтың тойы бітпесін» деп ұрандатып жүрген асабалар мен әншілерге табыс салығы салынбайды. «Неліктен олай?» деген сауалға Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасы Марат Сұлтанғазиев жауап берді. Оның айтуынша, салық салынуы үшін бірінші олар салықтық тіркеуге тұруы керек екен.

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн бри­фингте тілшілер жеке кәсіпкер ре­тінде тіркелмеген өнер иелеріне табыс салығын салу туралы сұрақ қойды. «Әншілер, асабалар бар. Жалпы, жеке кәсіпкер ретінде тіркелмеген, бірақ табыс табатын өнер иелеріне салық төлету мә­селесі қалай реттеледі? Олар тойға барады. Салық төлетуге мүмкіндік бар ма?» деп сұрады журналистер. Мемлекеттік кірістер ко­ми­теті­нің төрағасы Марат Сұл­танғазиевтің айтуынша, салық төлеу үшін алдымен салықтық тір­кеуге тұру қажет. «Біз сол тір­кеуге тұрғызу бойынша жұмыс жүргіземіз. Хаттамаларды береміз, сөйтіп тіркеуге қоямыз. Ал бүгінде әншілер мен асабалар қызметі микробизнес болғандықтан, табыс салығынан толық босатылған», – деді Сұлтанғазиев. Толығырақ түсіндірер болсақ, Тоқаев былтыр микро және ша­ғын бизнесті табыс салығынан үш жылға босатуды тапсырған болатын. Кәсіп иелеріне де­ген қамқорлық бұл. Осыған бай­ланысты 2023 жылдың 1 қаңтарына дейін микро және шағын бизнес субъектілері табыс салығынан босатылған. Заңнамаға сәйкес, микро бизнеске 15 адамға дейін жұмысшысы бар және жылдық табысы 30 мың АЕК (83 миллион теңге) дейінгі жеке кәсіпкерлер жатады. Ал шағын бизнес санатына 100 адамға дейін жұмысшысы бар және жылдық табысы 300 мың АЕК-ке (833 миллион теңге) дейінгі жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар енеді.

Жадыра АҚҚАЙЫР