Бүгін таңертең Kaspi.kz қосымшасына қатысты проблема пайда болды. Пайдаланушылар оны іске қосып, есеп-шоттарымен операцияларды іске асыра алмады. Банктің өзі болса, техникалық ақау болғанын хабарлады, деп жазады forbes.kz.
Қазақстан, Орта Азия және Моңғолиядағы Kaspersky Lab басқарушы директоры Евгений Питолин осы оқиғаға қатысты пікір білдірді.
«Бүгін таңертең бүкіл қазақстандықтар Kaspi Bank проблемасына тап болды. Қазір оның себебі туралы айту қиын, ол туралы банк мамандары ғана біледі. Біздің білуімізше, ешқандай кибершабуыл болған жоқ. Бұл банктан хабарлағандай техникалық ақаумен байланысты болуы мүмкін.
Не істемеу керек? Банктің қосымшасына немесе сайтына әрбір секунд сайын кіріп, оны жаңартудың керегі жоқ. Бұл мамандарға да, сіздерге де көмектеспейді. Екіншіден, мессендерлерге жалған ақпарат таратуды доғару керек. Миллиондар жоғалды немесе миллиондар өз-өзінен түсті деген өтірік мәліметтермен сіздер алаяқ, киберқылмыскерлерге көмектесесіздер.
Ақшаға бола алаңдамаңыздар, ол ешқайда кеткен жоқ, банкке бұл проблеманы шешуге уақыт беру керек. Менің ойымша, аздан соң бәрі қалпына келеді. Қобалжу тек сіздерге ғана зиянын тигізеді», - деді ол.