«Қазгидромет» 29-31 қазанға арналған ауа райы болжамын ұсынды.
Алдағы үш күнде Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райына солтүстік-батыс антициклоны әсер етеді. Ауа райы көбіне жауын-шашынсыз өтеді, тек шығыста, ал аптаның басында республиканың солтүстігінде, орталығы мен оңтүстік-шығысында жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын жауады. Осы кезеңде шығыста және оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында қатты жауын-шашын болуы мүмкін.
Кей жерлерде жел күшейіп, бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі. Ауа температурасы керісінше, көтеріледі, себебі бүкіл республиканың территориясына Иран аймақтарынан жылы ауа массалары енеді.