Қазақстанның алты облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды, - деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.
Ақмола облысында түнде және таңертең 30 қазанда кей жерлерде тұман, көктайғақ болады. Батыстан, оңтүстік-батыстан кей жерлерде секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады.
Атырау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, кей жерлерде секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, кей жерлерде жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.
Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман түседі.
Маңғыстау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, жылдамдығы кей жерлерде секундына 15-20 метр болады. Күндіз кей жерлерде шаңды дауыл соғады.
Ақтауда оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні секундына - 15-20 метр.
Түркістан облысында күндіз кей жерлерде шығыстан секундына 15-20 метр жел соғады.