Қазақстандық спортшылар Қуат "Найман" Хамитов пен Сабина Алтынбекова араларында не бар екенін ашып жазбаса да, әлеуметтік желіде бір-біріне "сезімдерін" білдіріп қалады.
Бір жігіт Instagram-да болашақ жарының есімін Сабина деп болжаған әрі спортшы қызды белгілеп қойған. Алтынбекова репост жасады.
"Оның артынан Қуат Хамитов қуып келеді", - деп жазды біреу Сабинаға арнап. Сабина Алтынбекова бұл ескертуді сториз-ге шығарып, "Найманға": "Келмеші" деп жазды.
Хамитов та жауапсыз қалмады.
"Қымбаттым, айтқаның болсын, бұл жігітке мен қатты ашулымын", - деп жазды жауынгер.
Еске сала кетейік, бұған дейін Қуаттың Сабина Алтынбековаға сөз салғанын жазған болатынбыз.