Ауылда тұратын әйелдерге қатысты жаңа статистика жарық көрді. Соған сәйкес, еліміздегі әрбір төртінші әйелдің басты жұмысы — отбасы тірлігі екені анықталған. Десек те, әрбір бесінші отбасында негізгі табыскер — әйел екен.
Ал енді статистикалық мәліметтерге тоқталатын болсақ, үй шаруасындағы әйелдердің үлесі — 25,1 пайыз, бюджеттік ұйымдарда жұмыс істейтіндер — 22,9 пайыз, жекеменшік секторда істейтіндер 17,9 пайыз екен. Ал жасына байланысты зейнетте — 12,4 пайыз әйел, өзін-өзі жұмыспен қамтып отырғандар — 7,2 пайыз, уақытша жұмыссыз әйелдер — 6,2 пайыз. Ауылда тұратын барлық әйелдің 4,8 пайызы мемлекеттік жұмыста қызмет атқаратын болса, 1,9 пайызы —студент. Статистикада орын алған топтардың ішінде «Басқа» деген категория бар. Оның үлесі — 0,9 пайыз. Ал әйелдердің 0,7 пайыз мүгедектігіне байланысты жұмыссыз екен. Бұдан бөлек, ауылдағы әр бесінші отбасында негізгі табыскердің әйел екені, ал тағы 10 пайызы әйелдің жәрдемақысына не жалақысына өмір сүретіні анықталған.Жадыра АҚҚАЙЫР