Аралас жекпе-жек бойынша өнер көрсететін спортшы Қуат Хамитов кімде-кім "Боратты" ойнаған актер Саша Барон Коэнды ұрып-соғып, қорланған күйін видеоға түсіріп алса, 1 миллион теңге беруге уәде етті. Спортшының осы сөздерді айтқан видеосы әлеуметтік желіде тарады.
Мәлімдемені "Найман" "НТК" телеарнасындағы Revye news бағдарламасына берген сұхбатында айтқан секілді.
"Кімде-кім "Боратты" ұрып-соғып, оның қорлық көрген түрін видеоға түсірсе, мен және менің достарымнан миллион доллар алады", – деді Қуат Хамитов жүргізушілерге.
Еске сала кетейік, бұған дейін Қуат Хамитовтың "Боратты" қалай жазалайтынын айтқанын жазған болатынбыз.
Видеоны мына жерден көруге болады.