Е. Тоғжанов ШҚО-дағы эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру мақсатында бірқатар шектеу шараларын қабылдауды тапсырды.
COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның төрағасы, Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов жұмыс сапарымен Шығыс Қазақстан облысына барды.
Вице-премьер өңірдегі эпидемиологиялық ахуал бойынша облыс басшылығымен жедел кеңес өткізіп, облыс әкімі Даниал Ахметовтің қабылданып жатқан шаралар бойынша есебін тыңдады.
Кеңес қорытындысы бойынша Ералы Тоғжанов облыс әкімдігіне он күн мерзім ішінде өңірдегі эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру бойынша түбегейлі шараларды қабылдауды, Денсаулық сақтау министрлігіне консультативтік - әдістемелік көмек көрсету үшін жоғары білікті мамандарды өңірге жіберуді тапсырды.
Облыстағы эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру мақсатында Ведомствоаралық комиссияның төрағасы бірқатар шектеу шараларын енгізуді тапсырды:
- ағымдағы жылдың 2 қарашасынан бастап Өскемен қаласына кіру және шығу бойынша әуе қозғалысын азайту:
Нұр-Сұлтан қаласына/нан - аптасына 17-ден 7 рейске дейін;
Алматы қаласына/нан - аптасына 14-тен 7 рейске дейін;
Шымкен қаласына/нан - аптасына 2-ден 1 рейске дейін.
- ағымдағы жылдың 2 қарашасынан бастап Нұр-сұлтан -Өскемен маршруттары бойынша теміржол қатынасын аптасына 3-тен 1-ге дейін, Алматы-Өскемен маршруттары бойынша аптасына 7-ден 3-ке дейін қысқарту;
- жолаушылардың Шығыс Қазақстан облысынан әуе және темір жол көлігімен шығуы үшін COVID-19 теріс нәтижесі бар ПТР тестілеуінен өткендігі туралы анықтаманың міндетті түрде болуы қамтамасыз етілуін (берілген күнінен бастап 3 тәуліктен аспайтын);
- транзитпен өтетін темір жол құрамдарының облыс ішінде тоқтауына тыйым салу;
- санитарлық бекеттерді орната отырып, Шығыс Қазақстан облысына кіруді және шығуды шектеу;
- облыстың басқа қалалары/аудандары арасында халықтың қозғалысын сақтай отырып, Өскемен қаласының аумағына кіруге және шығуға тыйым салынуын;
- демалыс және мереке күндері шектеу шараларын күшейту;
- халық арасындағы байланыстарды азайту мақсатында қоғамдық көліктің қатынау санын ұлғайту;
- қызметкерлердің кемінде 80% - ын қашықтағы жұмыс форматына ауыстыруды қамтамасыз ету;
- офлайн форматта жиналыстарды өткізуге тыйым салу;
- кіреберістерде, лифтілерде, автотұрақтарда және балалар ойнайтын алаңдарда, азық-түлік базарларында және т. б. жерлерде дезинфекция жүргізуді қамтамасыз ету;
- вахталық әдіспен жұмыс істейтін жұмыскерлерді (вахтаға кіру және шығу кезінде) толық көлемде ПТР тексерілуін қамтамасыз ету;
- әуежайларға, теміржол вокзалдарына күтіп алушылар мен шығарып салушылардың кіруіне тыйым салу (қолында билеті болған жағдайда ғана өткізу);
- адамдар көп жиналатын орындарға ерекше назар аудара отырып, мониторингтік топтардың карантин режимін сақтау жөніндегі жұмысын күшейту;
- карантин режимін сақтау қажеттілігі туралы халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту жөнінде шараларды қабылдауды тапсырды.
Шығыс Қазақстан облысындағы эпидемиологиялық ахуал Қазақстан Рсеубликасы Үкіметінің тұрақты бақылауында.