ШҚО-да коронавирус жұқтырған 35 науқастың жағдайы ауыр
ШҚО-да коронавирус жұқтырған 35 науқастың жағдайы ауыр
169
оқылды
Шығыс Қазақстан облысында коронавирус жұқтырған 35 адамның жағдайы ауыр, деп хабарлайды «Хабар 24». Тағы екі науқастың жағдайын дәрігерлер «аса ауыр» деп отыр. Олардың біреуі Өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. Өңірде өткен тәулікте 205 адам инфекция жұқтырған. Жалпы осы аймақта пандемия басталғалы бері 10 мыңға жуық адамның ПТР-сынамасы оң нәтиже көрсеткен. Осыған байланысты демалыс күндері сақтық шаралары күшейтіледі.
"Мерекеде және демалыс күндері шектеу күшейтіледі. Тұрғындар арасында вирус таралмауы үшін қоғамдық көлік қозғалысын көбейту керек. Мекеме қызметкерлерінің 80%-ін қашықтан жұмыс істеу форматына көшіріп, жиналыстарды дәстүрлі түрде өткізуге тыйым салу қажет. Азық-түлік базарлары, балалардың ойын алаңы, паркинг, үй кіреберістерінде, лифттерде дезинфекция жұмыстарын тұрақты жүргізу маңызды", - дейді Денсаулық сақтау вице-министрі, бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Ерлан Қиясов.