Қазақстан Үкіметі 10 мұнай және газ кен орнын сатуға шығарды. Олардың барлығы онлайн-аукцион арқылы саудаға салынады. Бұл туралы журналистерге арналған баспасөз мәслихатында Энергетика вице-министрі Жанат Жахметова хабарлады. Әлден қызығушылық зор көрінеді.
Бас энергетик орынбасарының айтуынша, осы жылдың 1 қыркүйегінен бастап жер қойнауын пайдалану құқығын алуға мүдделі тұлғалар аукцион өткізуге онлайн режимінде өтініш бере алады. Яғни, пандемия бұл іске еш кедергі бола алмапты.– 2020 жылы Қазақстанда 10 мұнай-газ жер қойнауы учаскесін электрондық аукцион арқылы сату жоспарлануда. Олардың қол қою бонусының жалпы бастапқы мөлшері – 400 миллион теңге. Қазіргі уақытта аукционға қатысуға 30-дан астам өтініш келіп түсті, – деді Жанат Жахметова.Оның мәліметінше, «қара алтын» игеру және өндіру үшін мемлекет ұсынатын учаскелердің жалпы ауданы шамамен 29 мың шаршы шақырымға созылып жатыр. Бұл мысалы, Армения, Израиль, Кувейт секілді елдердің бүкіл территориясына тең.
Ерік ЕРДЕНОВ