Күнкөріс құны 32 мың теңгеден асты
Күнкөріс құны 32 мың теңгеден асты
274
оқылды

Қазақстанда 2019 жылдың қазан айында қыркүйекпен салыстырғанда күнкөріс деңгейі 1,3% (417 теңге) өсіп, 32,2 мың теңгені құрады.

Статистика комитетінің дерегі бойынша жыл басынан бері бұл көрсеткіш 21,7% -ға өскен.

Ең төменгі күнкөріс деңгейі Маңғыстау облысында (39,5 мың теңге), Нұр-Сұлтанда (37,2 мың теңге) және Алматыда (35,4 мың теңге), ал ең төменгі көрсеткіш – Павлодар облысы (28, 3 мың теңге) мен БҚО-да (28,9 мың теңге).