Түркияның батысындағы жойқын жер сілкінісінен зардап шеккендер саны көбейді.
«Соңғы дерек бойынша 43 адам көз жұмып, 896-сы зардап шекті. Құтқарушылар Измирде қираған тоғыз ғимараттың үйіндісінде жұмыс істеп жатыр», – делінген хабарламада.
Түркияның батысында 30 қазан күні күндіз магнитудасы 6,6 балдық жер сілкінісі болған еді. Жер сілкінісінің эпицентрі – Эгей теңізінде Измир провинциясының Сеферхисар ауданының жағалауы. Жер сілкінісінің ошағы 16,5 км тереңдікте орналасқан. Зілзала салдарынан Измирде жиырма шақты ғимарат құлап қирады. Әсерінен цунами болып, Сеферихисар көшелерін су басты.Ал Грекияның Самос аралында екі адам қаза тауып, жиырмасы зардап шеккен.
https://www.youtube.com/watch?v=05xMZXlKTaw&feature=emb_logo&ab_channel=%D0%A0%D0%98%D0%90%D0%9D%D0%BE%D0%B2%D0%BE%D1%81%D1%82%D0%B8